2018 жылдың 16 сәуірінде сағат 11.00-де Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Павлодар қаласы № 1 Балалар көркемсурет мектебі–ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. «Туған өлкем» көрмесі 2018 жылдың ақпанында бастау алған балалар шығармашылығын қолдау бойынша аталмыш республикалық бағдарламаның аясында ұйымдастырылды. Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Туған өлкем» бағдарламасының шеңберіндегі барлық көрмелер елорданың мерейтойына арналады.
Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үндеу ретінде басталған «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы «Балалық шақтан көзқарас» жобасының 10 жылдық жұмыс тәжірибесінің арқасында пайда болды.
«Туған өлкем» бағдарламасы жас таланттарды анықтауды және республиканың қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын насихаттауды көздейді. Бағдарламаның арқасында елорданың қонақтары мен тұрғындары республикалық балалар көркемсурет мектептері түлектерінің үздік деп танылған дипломдық жұмыстарымен танысады, ал бағдарлама қатысушылары өнердегі жетістіктерін орталық алаңда көрсетуге мүмкіндік алады.
Көрмеге ұсынылған жұмыстар Павлодар қаласы № 1 Балалар көркемсурет мектебінде оқылатын бейнелеу өнері техникасының алуан түрлілігін таныстырады. Бұл – жеңіл әрі көп еңбекті қажет ететін, мүмкіндігінше ерекше батик, жүнді илеу, май және акрилмен орындалған әдемі кескіндеме, нәзік әрі жеңіл акварельден орындалған жұмыстар, әсем сызықтармен және ұсақ бөліктерімен ерешеленетін көптеген графикалық суреттер. Көрмеде барлығы 80 дипломдық жұмыс ұсынылады. Бұл көрмеде Павлодар қаласы № 1 Балалар көркесурет мектебі педагогтері мен оқушыларының көп жылғы еңбегі көрініс тапқан. Көрменің мақсаты көрерменге қуаныш пен эстетикалық әсер сыйлаумен қоса философиялық ой-иірімдеріне итермелеуі әбден мүмкін.
Көрме 2018 жылдың 20 мамырына дейін жалғасады
Мекенжайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11.