«ӨТКЕН МЕН БОЛАШАҚТЫ ЖАЛҒАЙТЫН ЛАТЫН ӘЛІПБИІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰХБАТ АЛАҢЫ

2018 жылдың 4 сәуірінде, сағат 15:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Өткен мен болашақты жалғайтын латын әліпбиі» тақырыбында  сұхбат алаңы ұйымдастырылмақ. TEDX форматында өтетін іс-шараға дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының оқушылары қатысады.

Аталмыш іс-шара Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын ілгерілету және дәріптеу мақсатында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағыттарын зерттеу үшін, сондай-ақ қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру маңыздылығы мен қажеттілігі жөніндегі балалардың түсінігін кеңейту мақсатында ұйымдастырылады.

Оқушылар Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингтері авторларының бірі, профессор Ғазиз Телебаевпен өзекті тақырыпты талдамақ. Олардың назарына Ғ.Телебаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол. Өткен мен болашақты жалғайтын латын әліпбиі» тақырыбында таныстырылым ұсынылады.