9 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС» атты халықаралық конференциясы өтеді. Конференция Елбасы Кітапханасының Талдау орталығы Халықаралық басқарудағы инновациялар орталығымен (Канада) бірлесе отырып ұйымдастырылады.
Канадалық Халықаралық басқарудағы инновациялар орталығы (Сentre for International Governance Innovation, CIGI) – халықаралық басқару мәселелері бойынша Канададағы тәуелсіз «ойлау орталығы».
2001 жылы құрылған CIGI маңызды ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық басқару саласы бойынша алдыңғы қатарлы «ойлау орталығы» болуға талпынуда. Осы мақсатпен CIGI саяси пікір-таластар ұйымдастырып, жан-жақты басқару идеяларын түрлендіріп, зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетіп келеді.
CIGI әлемдегі академиялық, саяси, бизнес орталықтарымен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, түрлі шаралар өткізеді, мақалалар жариялайды. CIGI зерттеу жұмыстары және Орталықтың интернет-жарияланымдары туралы мәліметті www.cigionline.org сілтемесі арқылы тегін ала аласыздар.
Іс-шара аясында Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттері және Канада сарапшылары мен орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен тақырыптық пікір-талас өткізіледі. Сараптамалық талқылаулардың негізгі нәтижелері жұмыс қорытындысы бойынша қонақтарға ұсынылады.
Қонақтарға Канада және Орталық Азия елдері мысалында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіп-қатерлердің алдын алу саласындағы мемлекеттік басқарудың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берілетін болады.
Конференция «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы инновациялар» атты CIGI жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. 2015 жылдың көктемінде жұмысын бастаған Орталық Азиядағы басқару мен аймақтық қауіпсіздікті зерттеу жобасы негізгі 6 мәселені қамтиды: терроризммен күрес, шекаралық бақылау, адамды саудалау және наркотрафик, энергетикалық және ядролық қауіпсіздік, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын басқару.
Жоба шеңберінде конференциялар мен семинарлар өткізіліп, Орталық Азиядағы институционалдық және қауіпсіздіктің басқару архитектурасын күшейту сұрақтары бойынша ғылыми-зерттеу баяндамалары жасалады. Жоба шетелдік әріптестермен, сонымен қатар канадалық мамандар және сарапшылармен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.
Тіркеу: сағ. 09-00 басталады.
Анықтама ақпарат: +7 (7172) 69-30-24, 69-30-92
Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54
е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com