«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҮРДІСТЕР» халықаралық конференциясы

9 қыркүйек күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы жаңа үрдістер» тақырыбында халықаралық конференциясы өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Талдау кешені, Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияны зерттеу орталығы мен Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (Вашингтон қ., АҚШ).

Конференция барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Үндістан, Украина және АҚШ елдерінен келген сарапшалардың қатысуымен тақырыптық талқылаулар жүргізіледі, шаралық жұмыстардың аяқталуымен қатысушыларға сарапшылардың талқылау жұмысының негізгі нәтижелері көрсетіледі.

Сонымен қатар, қатысушыларға Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы дайындаған екі баяндама ұсынылады.

Бірінші баяндаманы CSIS-ң жетекші зерттеушісі доктор Джеффри Манкофф оқиды. Баяндамада АҚШ-тың өңірлік стратегиясы контекстінде Орталық Азияның қазіргі кездегі жағдайына баға беріледі. Кибер-қауіпсіздік саласының қазіргі замандағы мәселелері бойынша бағалау мен болжамдарды көрсететін екінші баяндаманы CSIS-ң жетекші сарапшысы Уильям Картер ұсынады.

Презентиялардың қорытындысы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеушілер мен практиктеріне, талдамалы құрылымдар мен мекемелер қызметкерлеріне, «Саясаттану» және «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері мен докторанттарына қызық болады.

Анықтама телефондары: +7 7172 69-30-24, 69-30-92

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96,

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com