2023 жылғы 3 наурызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында (Астана қ., Бөкейхан көшесі 1а) суретші, педагог, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» Алтыншаш Алпысбаеваның «Өнер – muse» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
Көрме Кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» атты жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылады.
А. Алпысбаева 30 жылдан астам уақыт бойы шығармашылық жұмыспен белсенді айналысады, оның кескіндемелері музейлердің қорларында және әртүрлі елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы. Автордың еңбектері «Астана суретшілері» жинағына, «Қазақстан өнері» бес томдық энциклопедиясына енді.
«Өнер – muse» көрмесінде А. Алпысбаеваның 60 астам көркем кескіндемелері ұсынылады.
Суретшінің ерекше шығармашылық әдісі бар, ол әртүрлі техниканы қолданады, әртүрлі тақырыптарды жасайды және дамытады, бірегей өнер туындыларын жасау үшін интуицияны қосады. Cондай-ақ қазақстандық қоғам өмірінің әртүрлі жақтарын қозғайтын және әлемді жаңарту мен үйлестіру идеясын білдіретін өзіндік аңыздық бейнелер жасайды