«НЕСВИЖ САРАЙ-САЯБАҚ КЕШЕНІ – ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ИГІЛІГІ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2017 жылдың 21 қарашасында сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме кітапхананың «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан және Беларусь арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай іс- шаралар қатарын ұсынатын оқиға болмақ. Көрменің негізгі идеясы екі елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудағы мемлекеттік саясат болып табылады.

Көрменің материалдарын «Несвиж» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» ұсынды. Несвиж қорғанының тарихы терең. Бекініс бірнеше рет қайта салынып, нәтижесінде ренессанс, барокко, рококо, классика, неоготика, жаңғырту сынды көптеген сәулет стильдері үйлескен сарай атағына ие болған. XIX ғасырдың соңында Несвиж сарайының маңына Еуропадағы ең ірі ландшафтылы саябақтардың бірі іргесін қалады.

1993 жылы құрамына бекініс енетін Несвиж ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы құрылды. 2005 жылы Несвиж сарай-саябақ кешені ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енді.

Бұл – сәні мен салтанаты жарасып, туристердің көз айымына айналған Беларусь елінің ең көрікті сарай-саябағы.

«Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» фотокөрмесі елорда тұрғындары мен қонақтарына Беларусь жұртының тарихи-мәдени мұрасы, сәулет өнері мен көркемдік дәстүрі жөнінде көбірек білуге мүмкіндік береді.

«Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» көрмесі 2017 жылдың 4 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көш., 11.