2018 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 12.00-де Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысады. Көрменің ашылуы қарсаңында ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы М. Қасымбековтің Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушы жастармен кездесуі жоспарланған.
Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының аталмыш көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып табылады. Жоба аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, ғылыми-тәжірибелік семинар, дөңгелек үстел, семинар-тренингтер, «ашық кеңістік» форматындағы интерактивті сұхбат, көрме бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялар, сонымен қатар Атырау облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар тәрізді мәдени-ағартушылық қызметінің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлер мазмұнын баяндап қана қоймай, сондай-ақ тарихи артефактілермен танысуға мүмкіндік береді.
18 қыркүйек көрме ашылған күні кешкі сағат 18.00-де Облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өңір жұртшылығы үшін «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының басталуына орай ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылдың қарашасында Алматыдан бастау алып, 2018 жылдың ақпан айында Шымкентте өз жұмысын жалғастырды. Екі қалада да жоғары деңгейде өткен көрмені 250 мыңнан астам адам тамашалады.
Жоба Елбасы кітапханасының жинақтарынан ұсынылған қор көрмесіне негізделген. Жинақталып, жүйелендірілген архивтік, кітап, жәдігерлік кешендер тәуелсіздігіміздің, Қазақстандағы Президенттік институттың қалыптасуы мен даму тарихы жайлы баяндайтын бірегей зерттеу, талдау, мәдени-ағартушылық, білім беру, ақпараттық алаңын ұсынады.
Көрме бір айға созылатын жұмысы барысында сарапшылар қауымдастығының кездесулері, ғалымдар, мәдениет және білім саласы мамандары бас қосатын форумға айналатын болады.
Атырау облысының қалың жұртшылығына арналған жоба 17 қыркүйекте өз жұмысын бастайды.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің (17.09.2018 ж. сағат 10.30-да) және Атырау мұнай және газ университетінің (18.09.2018 ж. сағат 15.00-де) студенттеріне арналған «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі барысында жастармен білім беру және мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізудің жаңа технологиялары ұсынылады.
«Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде 17.09.2018 ж. сағат 12.00-де музей, архив және кітапхана салаларының қызметкерлеріне арналған «ашық кеңістік» форматында өтетін «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясы болады.
18.09.2018 ж. сағат 15.00-де Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде осы оқу ордасының оқытушылары мен оқушыларына арналған «Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялары» / «Елбасы Н. А. Назарбаев: биография и созидательные идеи» семинар-тренингі өтеді.
2018 жылдың 19 қыркүйегінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Назарбаев моделі: стратегиялық болжам және прагматизм» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (10.00-де), сонымен қатар Елбасының Жеке кітапханасының жинақтарынан «Әлем таныған Елбасы» бейнелі кітап көрмесі (09.30-да) өтеді.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алаңында 20.09.2018 ж. сағат 10.00-де өңірдің сарапшылық-талдамалық қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Елбасының сыртқы саяси бастамалары – Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» дөңгелек үстелі өтеді.
Жоба аясында өңірдің музей мамандарымен кеңінен кәсіби тәжірибе алмасу жоспарланған. 20.09.2018 ж. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей саласындағы ақпараттандыру жұмыстары» (сағат 12.00-де) және «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы тәжірибесінен) (сағат 15.00-де) тәжірибе алмасу бойынша ғылыми-тәжірибелік семинарлары өтеді.
Жоба барысында «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасының шеңберінде «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы бойынша Индер (17.09.2018 ж. сағат 16.30-да) және Махамбет аудандарының тұрғындары үшін көшпелі экскурсиялар (19.09.2018 ж. сағат 16.30-да) жүргізіледі.
Көрменің барлық жұмыс күндері Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары қор көрмесі бойынша шолу және тақырыптық экскурсияларды тыңдап, Елбасы кітапханасы қызметінің бағыттарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі туралы. Көрменің негізгі мақсаты – Кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.
Көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылатын болады. Алғаш рет Атырау жұртшылығының назарына Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н. Ә. Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылады.
Көрме төрт бөлімнен тұрады:
1. Елбасы жолы.
2. Елбасы феномені.
3. Әлем таныған Елбасы.
4. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.
«Елбасы жолы» бөлімі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмір кезеңдерінен сыр шертеді. Елбасының жолы рухани сананың дәуірі мен шығуы мазмұнын білдіретін тарихи үдерістер мен оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі. Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы еліміздің тәуелсіздігінің негізгі бағыттарын айқындаған басты тарихи таңдауы болды.
«Елбасы феномені» бөлімі Қазақстан Республикасының негізін қалаған, жаһандық кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жаңа идеяларын енгізген Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылым тұжырымдамасының қалыптасуы мен дамуы тарихына жетелейді. Көшбасшы феномені Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап, мемлекет астанасын ауыстыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы көрініс тапқан.
«Әлем таныған Елбасы» бөлімінде Қазақстан Республикасының қарқынды сыртқы саясаты көрсетіледі. Бұл – әлемдік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биік беделі мен асқақ абыройының жемісі.
Еліміздің көпвекторлы сыртқы саясаты дипломатиялық тарту-таралғылар, жеке жазбалар, архивтік материалдар арқылы көрсетілген. Әрбір сый-сияпаттан кез келген қауіп-қатер мен түсінбеушіліктен азат бейбіт әлемді қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбегін таныған шетелдік мемлекет және үкімет басшыларының жеке құрметі айқын көрінеді.
«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» бөлімінде Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының жаһандық үдерістердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін табыс етілген Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары ұсынылған.
Көрме экспозициясының негізінде шолу экскурсияларынан басқа «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиялары жүргізіледі. Экскурсиялар түрлі санаттағы – балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер секілді келушілерге арналады.
«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі
2018 жылдың 21 қазанына дейін жалғасады.
Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы- сәндік өнер музейі