«Миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азияға интеграция қажеттілігі» ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

26 ақпан күні сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азияға интеграция қажеттілігі» тақырыбында жоғары деңгейдегі «дөңгелек үстел» өтеді. Аталған іс-шараны «Әлеуетті көбейту жолымен Орталық Азияға аралас миграциялық ағынға жауап беру» бағдарламасы аясында Елбасы кітапханасының Талдау кешені Орталық Азиядағы Көші-қон халықаралық ұйымының субөңірлік үйлестіру кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстел барысында мигранттар интеграциясы, мигранттар құқықтары мен оларды еңбек күші ретінде пайдалану және т.б. мәселелер  талқыланады. Шара барысында көші-қонды басқарудың озық тәжірибесінің үлгісі таныстырылады, халықаралық құқықтары мен стандарттар тұрғысынан еңбек етуге келген мигранттардың құқықтарын қорғау тетіктерінің кемшіліктері анықталады.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Орталық Азия елдері және жалпы осы өңірдегі мигранттарды заңсыз кіргізу және адам саудасымен күресу саласындағы озық тәжірибемен алмасу, көші-қонның еңбек ережелерін үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық тетіктерді дамытуға көмектесу мақсатында осы елдердің тиісті ведомствалары арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастыру, статистикалық және жедел деректермен алмасу және Орталық Азиядағы және жалпы осы өңірдегі еңбек көші-қонына байланысты кемшіліктерді жою және қауіп-қатерге жауап беру шараларын қабылдау жөніндегі ұсыныстар әзірленеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Тастемір Әбішев,  Орталық Азия бойынша үйлестіруші, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы ХКҰ Миссиясының басшысы Деян Кесерович, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады.

 

БАҚ аккредитациясы мына телефон арқылы жасалады: 8 7172 69-30-57

е-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com