«МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ РӘМІЗДЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

1 маусым күні, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына орай «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Іс-шараға Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, Қауіпсіздікті зерттеу жөніндегі Джордж Маршалл атындағы еуропалық орталықтың профессоры, Эмиритус университетінің профессоры Грегори Глисон (Нью-Мексико, АҚШ), Әзербайжан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Саяси партиялар мен заң шығарушы билікпен байланыстар бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдардың кандидаты Усубалиев Асиф Адилоглы және т.б. шетелдік сарапшылар қатысады.

Конференция өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздерімізге, еліміздің патриоттық мазмұндағы брендтеріне құрметпен қарауын, олардың жасампаздық құндылықтарын нығайтуды көздейді.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 01.06.22 күнгі сағ. 09.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн. Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.