2023 жылғы 15 ақпанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «Мемлекеттік шекара – аумақтық тұтастық пен қауіпсіздік негізі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қалыптастырудың кең ауқымды өзекті мәселелері талқыланбақ.
Іс-шараға ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, жетекші қазақстандық сарапшылар, Қазақстан Республикасы жоғары әскери оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен докторанттары, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің студенттері қатысады.