"МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК МУЗЕЙЛІК САБАҚ КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылығымыз» республикалық үздік музейлік сабақ конкурсын өткізбек. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған конкурс өскелең ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара ұйымдастырушылары музей педагогикасын дамытуды,  инновациялық тәжірибелермен алмасуды, музейлік білім берудегі әріптестікті дамытуды, білім мен мәдениеттің ұштасуына ықпал етуді, музей педагогтері мен шығармашыл мұғалімдерге қолдау көрсетуді көздейді.

Сайысқа мектепке дейінгі білім беру, орта және кәсіптік білім беру, қосымша білім беру саласының мамандары, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары мен жеткіншектер клубының педагогтері; республиканың жоғары оқу орындарының педагогика факультеттерінің студенттері қатыса алады. 
Конкурсқа сабақ сценарийі немесе сыныптан тыс іс-шара жоспарын ұсынуға болады.  Конкурстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптардың бірі – музейлік-педагогикалық процеске Елбасы кітапханасының немесе өз мектебінде (қаласында) орналасқан музей экспозициясының материалдарын енгізу.
Өтінімдер мен материалдар 2022 жылдың 1 наурызы мен 30 сәуірі аралығында  cmp_museum@mail.ru электронды поштасына қабылданады. 
Барлық қатысушыларға сертифкат табысталады. Жеңімпаздар  диплом (гран-при, I, II, III орындар мен номинациялар) мен сыйлықтармен марапатталады. 
Конкурс ережесі мен қорытынды материалдар Елбасы кітапханасының сайтына (www.elbasylibrary.gov.kz) жарияланады. 

Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

Конкурс үйлестірушісі: Оспанова Әсия Әділқызы
Тел. (7172) 69-30-61; +77013056112
E – mail: cmp_museum@mail.ru