Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

3 маусымда Елбасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

4 маусымда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысы өтеді. Оның негізгі тақырыбы – Қазақстандағы агробизнесті дамыту. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады.