«МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІ» КӨРМЕСІ

2021 жылғы 25 тамыз күні сағат 10.00-де Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Маңызды шешімдер кезеңі» қор көрмесі ашылады.

Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов ашады.

Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің Республикалық жоспары шеңберінде ұйымдастырылды және Семей ядролық сынақ полигонының (СЯСП) жабылуының 30 жылдығына арналған.

Экспозиция Қазақстан тарихынан сыр шертетін Елбасы кітапханасы қорындағы архивтік материалдар, жәдігерлермен мен кітаптар кешенін көпшілік назарына ұсынады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесі үшін берілген халықаралық марапаттары көрмеде ерекше орын алады. Экспозицияда Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қатерден азат әлем құруға бағытталған бастамалары көрсетіледі.

Сонымен қатар, Елбасының атомды бейбіт мақсатта қолдану идеясын насихаттау және жаһандық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы архив материалдары ұсынылады.

«Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында ашылады және 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс. Ақпаратты 23.06.21 ж., сағ. 18:00-ге дейін 264707@mail.ru және presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына жіберген абзал. Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 69-30-51 (Елбасы кітапхасының Баспасөз қызметкері Аяулы Валитова),  +7-705-549-52-37 (ШҚО Ішкі саясат басқармасының қызметкері Сәуле Қалиғазина).