«Кәсіби және тиімді мемлекет» тақырыбында семинар өтеді

22 қаңтар күні сағат 12:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кәсіби және тиімді мемлекет» атты семинар өтеді.

Семинардың мақсаты – оқушы және студент жастарға Президент Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларының жемісі – тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі табыстары мен жетістіктерін терең түсіндіру және кең насихаттау, егеменді елімізге деген мақтаныш сезімін ояту, қазақстандық біртектілік пен ел бірлігіне үндеу.

Іс-шара бағдарламасы аясында Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері: Бағыш Ғабдулина - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігіндегі реформаның мәні» тақырыбында және Нұржан  Жапарқұл – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, заң ғылымдарының кандидаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы» тақырыбында баяндама жасайды.  

Семинар қатысушылары: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Асхат Күзеков; Марат Башимов - Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры; Зиябек Кабулдинов - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы; Алматы және Астана қалаларының мектеп оқушылары, ЖОО студенттері мен магистранттары, «Кемел Ел» мәдени-ағартушылық жұмыс және жастарға тәрбие беру орталығының мүшелері, және БАҚ өкілдері қатысады.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com