ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫНДА «АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ АРҚАУЫ» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2022 жылғы 25 тамызда 15.00-де «Назарбаев орталығы» ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1)  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы» атты көрменің ашылуы өтеді.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Темірболат Б.Б., ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров Н.М., ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары, бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысады.

Көрме 3 бөлімнен тұрады.

1.«Ұлы даланың ұлағатты заңдары» бөлімінде дала демократиясының алғашқы құқықтық заңдары туралы материалдар ұсынылды. Қазақ қоғамының маңызды заңдары: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің «Жеті жарғысы», Ш. Уәлихановтың «Сот реформалары туралы жазбалар» атты еңбегі, А. Құнанбаевтың «Қарамола ережесі», Алашорда үкіметінің саяси бағдарламасы туралы мәлімет беретін кітап басылымдары бөлімнің мазмұнын ашады.

2. «Конституция – тәуелсіздік тірегі» бөлімінде Елбасы кітапханасы жинағынан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңді бейнелейтін мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер ұсынылады.

3. «Қазақстан Республикасы Конституциясының эволюциялық дамуы» бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының қазіргі заманғы даму кезеңдері туралы құжаттар, 2022 жылғы 5 маусымда өткен Республикалық референдумның материалдары алғаш рет жүйеленген түрде ұсынылатын болады.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті 24.08.22 күнгі сағат 16.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56.