Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылдың 11 қараша күні сағат 17.00-де Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың залы ашылады. Шара елімізде 1-ші желтоқсанда атап өтілетін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, университет ғалымдары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысады.
Зал Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюының тарихы туралы материалдар жинақталған ағарту орталығы болып табылады. Зал қорының негізгі дерек көздерінің бірі – Елбасы кітаптары мен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарына арналған тарихи зерттеулерден тұратын материалдар. Онда Ұлт Көшбасшысының мектеп және студенттік жылдардағы, еңбек жолы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы фотосуреттер, картиналар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, баспа басылымдары мен шығармалары, бейнефильмдер кеңінен ұсынылған.
Елбасы кітапханасы басып шығарған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» кітабы студенттер мен ғалымдар үшін ерекше қызығушылық тудырады. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да және әлемнің басқа да жоғары оқу орындарында оқыған дәрістері жарияланған.
Зал ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар, сарапшылар қауымдастығының, мәдениет және білім беру саласының ғалымдары мен мамандарының кездесулерін өткізетін орынға айналады.
Іс-шара барысында Елбасы кітапханасы өз қорынан университетке Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор М.Б. Қасымбековтың жетекшілік етуімен Елбасы кітапханасының авторлық ұжымы жарыққа шығарған бірегей кездесетін 100 басылымды сыйға тартады.
Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана (3 қабат).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі: 8 (727) 377 31 48.