ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА «ЭКО СӘН» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ЖӘНЕ ДЕФИЛЕ ӨТЕДІ

2022 жылғы 17 қарашада сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президент кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) «Эко сән» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және дефиле өтеді.

Экосән - бұл қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлық. Бұл жер шарын экологиялық апаттан құтқарудың алғашқы қадамы. Табиғи, экологиялық таза маталардан жасалған заттар адам денсаулығына зиян келтірмей, бізді қорғайды. Мысалы, соя талшығынан жасалған мата зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғай алады ұстай алады.

Байқау Тұңғыш Президент кітапханасы және Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық жауаптылықты мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау, сондай-ақ шығармашылық дағдыларды дамыту және сәндік-қолданбалы өнерді насихаттау.

Байқау ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде мектеп жасына дейінгі балалар, сондай-ақ Астана қаласындағы оқу орындарының кіші және орта буын оқушылары арасында жарияланды.

Ұсынылған 100-ден астам жұмыстың 46-сы іріктелді, финалистердің жасы 3-тен 15 жасқа дейін. Костюмдерді ҚР Суретшілер одағы мен Қазақстан Дизайнерлер одағы мүшелерінің ішінен құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Материалдарды қайта өңдеу негізінде жоғары сәнді экологиялық вернисаждың жас қатысушыларына кәсіби қолдау білдірген «Асыл Ана Аспара» жобасының танымал дизайнерлері ұсынады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті нысанға сәйкес 17.11.22 күнгі сағат 11.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-56 (Исина Айгерим).