«КОРЕЙ ТҮСТЕРІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

2021 жылы 16 наурызда, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Корей түстері: кеше және бүгін» көрмесінің ашылуы өтеді. Оның алдында сағат 16.00-де корейлердің «хварот» дәстүрлі той көйлегін жасау құпиясымен танысқысы келетіндерге арналған шеберлік сыныбы өтеді.

Іс-шара «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесе отырып, Сукмён Қыздар Университеті Музейінің қолдауымен, сондай-ақ Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Кореяның Халықаралық мәдени алмасу қорының «Саяхат жасаған корей өнері 2021» жобасы негізінде ұйымдастырылды.

Музей жыл сайын өз коллекциясындағы экспонаттардың тұрақты және арнайы көрмелерін өткізеді, сонымен қатар ел ішіндегі және шетелдегі басқа ұйымдармен белсенді түрде жұмыс істеп келеді.

«Корея түстері: кеше және бүгін» көрмесінің экспозициясында корейлердің дәстүрлі киім үлгілерінің артефактері мен репродукциялары саналатын жәдігерлер, кореялық дәстүрлі тұрмыстық заттарын ұсынған Корея авторларының, Сукмён әйелдер университеті түлектерінің заманауи жұмыстары ұсынылған. Көрме жәдігерлері «бес түс – бес негізгі бағыт» тұжырымдамасы негізінде дайындалды.

Пандемия жағдайында Елбасы кітапханасы өз қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін оларға аудиогидтер ұсынып, экспозиция бойынша еркін жүріп-тұруға мүмкіндік жасап отыр.

Аудиогидтерде көрме туралы ақпаратты 4 тілде тыңдауға болады: мемлекеттік, орыс, ағылшын және корей.

 «Корея түстері: кеше және бүгін» көрмесін 16 мамырға дейін тамашалауға болады.