2017 жылғы 7 наурызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған тағылымы мол кездесу өтеді.
Сырлы кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, көп балалы ана Қарақат Әбілдина, үш жетім баланы асырап отырған мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Ырыскүл Өтегенова, 12 баланы тәрбиелеген «Алтын алқа» белгісінің иегері Күлшара Үмбетова, Елбасы кітапханасында қызмет ететін көп балалы аналар қатысады.
Мерекелік кездесу неке мен отбасы құндылықтарын, адамгершілікті, гендерлік теңдікті, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.
Кездесуге қатысушылар көкейдегі сауалдарын Қарақат Әбілдинаға және шақырылған қонақтарға жолдай алады. Бағдарлама аясында сырлы кездесумен қатар музыкалық қойылымдар қарастырылған.
Кіру тегін.
Мекенжайы: Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10.