«КІТАПХАНА МЕН АРХИВ – АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ» КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ

2022 жылдың 27 мамырында, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «open space» форматында «Кітапхана мен архив ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі» кәсіби сессиясын өткізеді.

Оның аясында келесі бағыттар бойынша үш секцияның жұмысы қарастырылған:

-         мемлекеттік архивтердің ақылы қызмет көрсетудегі жаңа мүмкіндіктері;

-         кітапхананың оқырмандармен жұмысындағы жаңа мәселелер мен үрдістер, даму перспективалары;

-         кітапхана мен архив қызметі мен ресурстарына қашықтан қол жеткізу модельдері.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, архив, кітапхана салаларының мамандары, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және ғылыми кітапханалардың қызметкерлері, тарихшылар мен ғалымдар қатыспақ.

Іс-шара барысында Елбасы кітапханасы оқу залының ашылу салтанаты мен  қонақтарға арналған Тұңғыш Президент музейі бойынша экскурсия жоспарланған.

Кәсіби сессияның өтетін орны Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1А, 3-ші қабат.

Іс-шараға 3 қабаттағы тіркеу орнында (оқу залының тұсы) немесе толық ақпарат жарияланған www.elbasylibrary.gov.kz сайты арқылы онлайн тіркелуге болады (анықтама телефоны: +7 /7172/ 69-30-32, 69-30-17)

БАҚ өкілдері де аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 26.05.22 күнгі сағ. 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн (баспасөз қызметінің телефоны: + 7 /7172/ 69-30-56, 69-30-57).