Кітапхана бірыңғай  іздеу терезесі арқылы ресурстарға қол жеткізуді ұсынады

Құрметті оқырмандар!

Кітапхана сайтында 01.04.2016 ж. - 31.05.2016 ж. аралығында келесі ақпараттық ресурстарға қол жеткізу ашық:

Elsevier компаниясының ресурсы

Scopus шамамен 5 000 халықаралық баспаның ғылыми-техникалық және медициналық журналдардың 21 000-нан астам атауын индекстейтін әлемдегі бірыңғай ірі реферативті деректер базасы. Бұл ресурс Кітапхананың ішкі желісінде қол жетімді.

Ebsco компаниясының ресурстары

Business Source Complete – библиографиялық және толықмәтінді деректер жинағын білдіретін әлемдегі бизнес туралы ең толық ғылыми деректер базасы. Жинақ 1886 жылдан бастап маңызды ғылыми бизнес-журналдар үшін аннотациялық көрсеткішітермен толықтырылған 2 000 рецензияланатын журналдарды қамтиды.

 

Applied Science & Technology Source - сіз қолданбалы ғылым және компьютерлік пәндер саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер табатын толық мәтінді деректер базасы. 1 400 журналдағы толық мәтінді мақалалар; 1957 жылға дейінгі бизнес жүргізу туралы бірегей ақпараты бар Industrial Arts Index (1913-1957) толық жинағы.

 

eBook Academic Collection – жетекші баспалар: Oxford University Press, State University of New York Press, Cambridge University Press, University of California Press, MIT Press, Harvard University Press and many others. Additional academic publishers include Elsevier Ltd.; Brill Academic Publishers; Taylor & Francis Ltd; Sage Publications, Ltd. and John Wiley & Sons, Inc және т.б. 136 000-нан астам электрондық кітаптарын қамтитын электрондық кітаптардың деректер базасы. Кітаптар тізіміне сілтеме:

http://www.ebscohost.com/ebooks/ebooks-subscription-listings

 

Жоғары аталған ресурстар Ғаламтор арқылы логин мен пароль бойынша қол жетімді. Логин мен пароль алу үшін Кітапхананың анықтама қызметіне: Librarian@plibrary.kz, 8(7172)693031, 693032 телефондарына хабарласуға болады.