ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

2022 жылғы 2 маусымда сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы саябақ аймағында (Бөкейхан көшесі, 1а) «Түрлі-түсті мозаика» балалар шығармашылығы фестивалінің ашылуы өтеді.

Фестиваль 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Елбасы кітапханасының балалар шығармашылығын қолдау бағыталған «Балалық шақтан көзқарас» жобасы шеңберінде жыл сайын балалар көрмелерінің ашылуы, конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімдері, жобаға қатысушылар үшін шеберлік сыныптары өткізіледі.

Бұл жолы фестивальді ұйымдастырушылар Елбасы кітапханасы және Нұр-Сұлтан қаласының балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО-клубы кітапхананың саябақ аймағында балалар фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр, оның аясында балалар жұмыстарының көрмесі ұсынылады, балалар үйінің тәрбиеленушілері және №88 мектеп-лицейі оқушылары үшін көркемдік шеберлік сыныптары өтеді, №1 Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілерінің орындауында шағын концерт ұйымдастырылады.

Осы жерде Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы оқушылары арасында асфальтта балалар суреттерінің көркемдік байқауы өтеді. Шығармашылық байқауға әр түрлі жастағы 40-қа жуық бала қатысады. 10 үздік жұмыстың қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтар мен сыйлықтар табысталады.

Фестиваль қонақтарын және паркке келушілер үшін арнайы шақырылған аниматорлар қатысуымен ойындар өткізіледі. Барлық қатысушылар көркемсурет мектебі оқушыларының шығармашылығымен танысып, мұғалімдер ұйымдастырған шеберлік сабақтарына қатыса алады.

 

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к-сі, 1А.

БАҚ өкілдері үшін:

70 05 78; 69 30 68; 69 30 54; 69 30 48.

Көрме материалдарымен

 https://elbasylibrary.gov.kz/ru сайтында «Көрмелер», «Жобалар» бөлімдерінде таныса аласыздар