23 сәуірде, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы онлайн форматта «Қазіргі заманғы сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы ММУ филиалының 20 жылдығына орайластырылған.
Конференция жаһандық экономика өзгерістерінің тұсында Қазақстан мен Ресейдің даму үдерісін талдауды көздейді. Оның аясында келесідей мәселелер ортаға салынбақ:

- Мәскеу университетінің экономика мектебі және Қазақстандағы ММУ филиалының мамандарды даярлауы;
- Қазақстан мен Ресей экономикасын дамытудағы қысқа және ұзақ мерзімді трендтер;
- Жаһандық пандемияның бүгінгі экономика саласына ықпалы;
- Қазақстан мен Ресейдің бүгінгі даму кезеңіндегі мемлекеттік саясат пен реформалар;
- Цифрландыру үдерісінің бүгінгі экономика саласына ықпалы және оны Қазақстан мен Ресейде, сондай-ақ жалпы әлемде дамытудың бағыттары;
- Бүгінгі қаржы құрылымы өзгерістерінің бағыттары мен қаржы нарығы мен институтының даму ерекшеліктері;
- Қазақстанның ЕЭО-ға төрағалығы мен Еуразия экономикалық бірлестігінің даму бағыттары.
Конференцияға Елбасы кітапханасының директоры Б.Б.Темірболат, Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің төрағасы Қ.Н.Келімбетов, Ұлттық экономика министрі Ә.А.Ерғалиев, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.А.Садовничий, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ.Әбіл, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі А.Н.Бородавкин, РҒМ академигі, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Мәскеу экономика мектебінің директоры А.Д. Некипелов, М.В.Ломоносов атындағы ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасы меңгерушісі, «Ресей саясаттанушылар қоғамы» жалпы ресейлік қоғамдық ұйымының тең төрағасы В.И. Якунин, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Р.С. Ошақбаев, М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің деканы, Экономикалық даму және сауда министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, Ұлттық жобалар институтының ғылыми жетекшісі, «Сигма» экономисттер тобының негізін қалаған азаматтардың бірі А.А.Аузан, т.б. қатысады.
Zoom конференциясына келесі сілтемемен қосылуға болады:
https://zoom.us/j/3163490127?pwd=QVZkUmhTYWZaaGZrcEI3em5KVUtHZz09
Конференция идентификаторы: 316 349 0127
Кіру коды: 2304