«ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР»

31 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Аналитикалық орталығы қазақстандық Қытайды зерттеу орталығымен бірлесіп «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР» сараптама семинарының екінші бөлімін ұйымдастырады.

Семинар аясында Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжан Ханьхуэй мырза Қытай үшін маңызды басты қорытынды оқиға – XIX Бүкілқытайлық ҚКП съезі туралы ашық баяндама жасайды.

18–24 қазанда Бейжің қаласында өткен Съезд дүниежүзінің ерекше назарын аударды. ҚКП ОК саяси бюросы Съезд басталар алдында «орташа ауқатты қоғамның жан-жақты құрылысының шешуші кезеңінде және айрықша қытай социализмі дамуының негізгі кезеңінде өтетін төтенше жиналыс» болатынын атап айтты.

Қазіргі уақытта дүниежүзінде әлемнің екінші экономикасы үшін маңызды болған Съездің қорытындыларына әртүрлі бағалар беріліп, өткір пікірталастар жүріп жатыр. Барлығын ҚКП жұмыс жоспары мен нәтижелері, жаңа тарихи міндеттері, оның ҚХР дамуына, Қытай экономикасын жаңғыртуға тигізер пайдасы және съездің елдің саяси басқару жүйесіне қалай әсер ететіні қызықтырды.

Қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатқан көрші елдің үдерісін терең түсіну үшін ресми баяндаманы тыңдап, талдауды ұсынамыз. Қытай елінің өкіліне сұрақтар қоюға болады.

Шараның басталуы: сағат 10:00-де, «Пекин Палас» қонақ үйі, «Silk way» залы (2 қабат).

Шараның соңында барлық қатысушыларға түскі ас: сағат 12.00-де, «Пекин Палас» қонақ үйі, «Great Wall» залы (3 қабат).