22 қыркүйекте 11.00-де Елбасы Кітапханасында «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» тақырыбында семинар-тренинг өтеді.
Семинарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қатысуымен ұйымдастырды.
Шара мақсаты: жастар арасында қазақстандық патриотизм, толеранттылықты қалыптастырудағы ғылыми-әдістемелік тәрбие жұмыс барысында туындайтын мәселелерді талқылау.
Семинарға қатысушылар – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, Астана және Алматы қалалары мен барлық облыстар мектептерінің мұғалімдері «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік білім беру орталығымен, сондай-ақ ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісінің заманауи түрлері және әдістерімен танысады; Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау саясатын зерттеу және насихаттау мәселелерін талқылайды; білім алушы жастар арасында ұлтаралық қатынастарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар тәжірибесімен бөліседі.
Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Төралқа мүшесі; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков «Білім алушы жастар арасында этномәдени толеранттылықты қалыптастыру – Қазақстандағы мемлекеттік этносаясаттың маңызды міндеті» тақырыбында баяндама жасайды. Тарих ғылымдарының кандидаты, Назарбаев зияткерлік мектептері Білім беру бағдарламалары орталығының бастығы Әсет Жанысов тәжірибелік сабақтар өткізіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің әлеуметтік-маңызды сипаттарды тәрбиелеу жұмысының тәжірибесі негізінде сөз сөйлейді.
«Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» – Елбасы Кітапханасының ұзақмерзімдік білім беру жобасы. Шара ұстаздардың толеранттылыққа тәрбиелеу білігін қалыптастыруды мақсат етеді.
Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96,