Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» онкүндігі өтеді

23 қарашадан бастап «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігі өтеді. Көрермендерге 2015 жылдың айтулы даталарына және Елбасының қызметіне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешіні дайындаған фильмдері ұсынылады.  

Елбасы кітапханасының киноконцерт залында өтетін онкүндікке Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Шара барысында белгілі саясат және қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Деректі фильмдер көрсетілімі сағат 15:00-де басталады.