2022 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 11.00-де көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына және оның «Абай жолы» роман-эпопеясының 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Бір кітаптың тарихынан» атты әдеби сағат өтеді.
Іс-шараның аясында М. Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы презентациямен қатар тақырыптық викторина, оқу залының ресурстарымен танысу және кітапхана мұражайы бойынша экскурсия қарастырылған.
Жобаның мақсаты – Қазақстан тарихы, мәдениеті және әдебиетімен тығыз байланысты атаулы күндерді Кітапхананың кітап қорын пайдалана отырып жариялау, өскелең ұрпақты қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылық мұрасына баулу, жаңа оқырмандарды тарту.
Әдеби сағатқа қатысушылар – Астана қаласының Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері.