2022 жылғы 9 қыркүйекте сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1а) Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың а.ж. 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Темірболат Б.Б., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әзірбайжан Президенті Әкімшілігінің жанындағы Әлеуметтік зерттеулер орталығы, Еуразиялық интеграция институты, Қазақстан қоғамдық даму институты, «Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты және Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының басшылары мен сарапшылары қатысады.
Іс-шара оффлайн/онлайн форматта өтеді.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті 08.09.22 күнгі сағат 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-56.