ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

«Қазақстандық жол» жобасы іске қосылмақ

 2021 жылдың 25 маусымында сағ. 17.00 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көш., 11) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасын іске қосылады.

Жобаның шымылдығын Астана күніне арналған «Арман қала» көрмесі ашады.

«Арман қаласы» көрмесі - Елбасы жеке архивінің, Елбасы кітапханасы музейі мен кітап қорының материалдары негізінде астананың қалыптасуы мен даму тарихын кешенді зерттеудің нәтижесі.

Көрме екі бөлімнен тұрады:

1. «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы» бөлімінде жаңа астананы салу бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары мен идеялары туралы материалдар ұсынылған.

2. «Нұр-Сұлтан – дипломатия және бітімгершілік орталығы» бөлімі Нұр-Сұлтан қаласында өткен, жас астананың және тұтастай мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал еткен, жаһандық ауқымдағы маңызды оқиғалар туралы материалдар кешенімен таныстырады.

Жоба туралы: 2021 жылдың соңына дейін жаңа астанадағы Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші резиденциясындай тарихи ғимараттың көрме алаңында еліміздің барлық аймақтары ұсынылатын болады.

«Қазақстандық жол» жобасының негізгі идеясы - Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық кезеңіндегі аймақтардың дамуына панорамалық шолу.

БАҚ өкілдері аккредитациядан міндетті түрде өтуі тиіс.

Оған ақпаратты арнайы үлгі бойынша толтырып, 2021 жылғы 25 маусымда, сағат 11:00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com поштасына салып жіберуді сұраймыз.

Байланыс телефондары: + 7 (7172) 69-30-51, 69-30-57.