2016 жылдың 9 ақпанында сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасының презентациясы өтеді.
Презентациялық іс-шараның мақсаты – ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз идеяларын, Тәуелсіздік жетістіктері мен табыстарын насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарын талқылау, қазақстандық біртектілік пен ел бірлігін нығайту, «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын ілгерілету, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту.
2016 жылдың айтулы оқиғасы - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі серіктестерімен бірлесіп іске асырады.
Кеңес жұмысына «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Елбасы кітапханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға отырған мекемелер, орталықтар мен қазақстандық БАҚ басшылары, «Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы» ММ жанындағы «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарға тәрбие беру орталығының Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысады.
Іс-шара бағдарламасында Елбасы кітапханасы бойынша экскурсия, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың сөз сөйлеуі: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Әбдірәсілов, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.П. Калашникова; «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Н.К. Ерімбетов, «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры Б.Аяған; Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясы иегерлері қауымдастығы» ҚҰ-ның атқарушы директоры Е.Н. Мақаш, «Қазақстан скауттар қозғалысы ұйымы» ҚҰ-ның президенті И.З. Катенов және басқалары.
Сондай-ақ, іс-шараға сарапшы және спикерлер ретінде қатысатындар: Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Бас редакторлар клубы» ҚБ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Жастар» ҒЗО ЖШС, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТҰ, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚҰ және өзге де ұйымдар өкілдері қатысады.