Қазақстан мен Қытай: ықпалдастық көкжиектері

2016 жылғы 31 қазанда сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Еуразия геоэкономикасы: түйісуден ынтымақтастыққа дейін» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.  Келелі жиынды Кітапхананың Талдау орталығы және Қытайды зерттеу орталығы (Астана қ.), Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты (Бейжің қ.) бірлесе ұйымдастырады.

Халықаралық ғылыми конференция барысында еліміздің және ҚХР екіжақты қарым-қатынасы, аймақтық ынтымақтастықты және экономикалық ықпалдастықты нығайту, Қытай мен ЕАЭО арасында еркін экономикалық аймақ құрудың мүмкіндіктері, ЕАЭО және Жібек жолы экономикалық белдеуінің өзара сабақтастығы, Еуразияда көлік-логистика саласына серпін беретін «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу – бір жол» жобасының үйлесімі кеңінен талқыға салынады.

Халықаралық ғылыми конференцияда еліміздің және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының жетекші сарапшылары өздерінің пікірлерімен бөліседі. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік елшіліктердің өкілдері, талдау құрылымдары мен ведомстволардың қызметкерлері қатысады.

Тіркелу: 13:00 (кофе-брейк)

Аккредитация міндетті түрде. Ғимаратқа кіру жеке құжат арқылы.