«ҚАЗАҚСТАН 2050» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

12 қараша күні сағ. 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Декларацияның қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Қазақстан 2050» атты кездесу-семинары өтеді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды, бұл тәуелсіз еліміздің жаңа тарихы басталған күн. Атаулы дата еліміз үшін аса маңызды, өйткені, сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

Аталған датаға тұспа-тұс келген «Қазақстан 2050» бағдарламасының маңызын айқындайтын семинарда «Қазақстан 2050» стратегиясы, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға 100 нақты қадам», «Елбасы еңбектері» тақырыптарында лекциялар оқылады.            

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы және Қазақстан Республикасын әлем қауымдастығының мойындауындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін, Елбасының еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы сан қырлы қызметін, Ұлт Көшбасшысының жасампаздық және шығармашылық идеяларын, мемлекетті дамытуға арналған бағдарламаларын, тарихи мұрасын келешек ұрпаққа насихаттау.

Қатысушылар: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғалымдары, Назарбаев зияткерлік мектеп қызметкерлері, Елбасы кітапханасының қызметкерлері.