«ИОАНН ПАВЕЛ ІІ – ҮНҚАТЫСУ ПАПАСЫ» КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

Биыл 10 қарашада, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) Рим папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына орай Понтификтің 2001 жылғы Қазақстанға ресми сапарына арналған «Иоанн Павел ІІ – үнқатысу Папасы» көрмесі ашылады.

«Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында өтетін іс-шараны Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының елшілігі мен Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатурамен бірлесіп ұйымдастырады.

Көрме кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы болған Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында өтеді. Дәл осы жерде 2001 жылы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев пен Понтификтің кездесуі өткен еді.

«Иоанн Павел ІІ – үнқатысу Папасы» көрмесі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Аккредитация шартты түрде керек.