2021 жылғы 3 желтоқсанда, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) магистранттар мен докторанттар арасында өткен «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» ғылыми мақалалардың және оқушылар арасында жарияланған «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» ғылыми-зерттеу жобаларының республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының директоры Асланбек Амрин, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов қатысады.
Конкурстар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде өтті. Жобаға «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қолдау көрсетті.
«Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар конкурсына қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының 50-ден астам магистранттары мен докторанттары қатысты.
«Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» ғылыми-зерттеу жобалары байқауына 7-11 сынып оқушыларынан 570 жұмыс келіп түсті.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті 2021 жылғы 2 желтоқсан күнгі сағат 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн. Анықтама: + 7 (7172) 69-30-59.