Ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу

29 қазан күні сағат 18:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында әлемнің 545-ғарышкері,  «Халық Қаһарманы» атағының иегері Айдын Айымбетовпен кездесу ұйымдастырылады.

А.Айымбетов «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг қатысушылары – Ақтөбе және Қызылорда облыстарының мектеп оқушыларымен жолығады. Сондай-ақ кездесуге Елбасы кітапханасының «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері және елорда мектептерінің оқушылары қатысады.

Шараның мақсаты – Тәуелсіз мемлекетіміздің әлем қауымдастығы мойындаған жетістіктерімізге, ғарыш әлемін қазақ азаматының бағындырғандығына тоқтала отырып, жас ұрпақтың еліне, халқына деген құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту, болашаққа деген ой-пікірлерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету.