ЕЛОРДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Ә. Бөкейхан, 1А) елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен еліміздің бас қаласы жарияланған маңызды күнге орайластырылған. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қазіргі Нұр-Сұлтан Қазақстан Республикасының астанасы атанды.
Атаулы күнге арналған кездесу барысында қонақтар елорданың қалыптасу мен даму тарихына арналған экспозицияларды тамашай алады. Оның аясында Елбасы кітапханасының музей, архив және кітапхана қорларынан алынған фотосуреттер, құжаттар, бейнежазбалар және басқа да бірегей жәдігерлер ұсынылмақ.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 10.12.21 күнгі сағ. 12.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-59.