7 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірсайыс клубы елорданың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Елбасы және қазақ мемлекеттілігі» тақырыбында Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогіне онлайн қалалық пікірталас турнирін өткізеді.
«Ақиқат» пікірсайыс клубының мақсаты – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелерді талдау арқылы жастардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы мен қойылған мәселені өз бетінше шешіп, ақиқатқа жетуге баулу.