2017 жылдың 6 маусымында сағат 15:00-де Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 10) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы еңбектері жинағының қытай тіліндегі нұсқасы таныстырылады.
Еңбектер жинағы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қолдауымен дайындалған. Оны Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы (Бейжің қ.) қытай тіліне тәржімалап, баспадан шығару жұмыстарын жүзеге асырды. Жинаққа әлемдік жұртшылығы елеулі жаңалық ретінде қабылдаған және олардың үлкен қызығушылығын тудырған Елбасының Жолдаулары, мақалалары және сөйлеген сөздері енді.
Тұсаукесер шарасы барысында Елбасы кітапханасына қытай тілінде жарық көрген жинақтың алғашқы 50 данасы сыйға тартылады.
Таныстырылымға Президент кеңсесі бастығының орынбасары Бақытжан Темірболат, Елбасы кітпаханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының президенті Ван Вэйгуан, еліміздегі ҚХР елшілігінің, Елбасы кітапханасының, ғылыми және мәдени қауымдастық өкілдері қатысады.
Мекенжайы: Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10.