20 маусым күні сағ.: 14:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау кешені Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен (ХҒТО) бірлесе отырып «Манифест «Әлем. XXI ғасыр» - ғаламдық даму қауіпсіздігінің жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі қолдауымен ұйымдастырылады.
Конференция дәстүрге айналған ашық пікір-талас форматында өтеді, қатысушылар баяндама жасайтын сарапшыларға кез-келген сұрақтар қоя алады.
Конференцияның басты спикерлері – Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының Басқарушылар кеңесі мүшелері: доктор Рональд Ф. Леман II (Dr. Ronald F. Lehman II) - Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының Басқарушылар кеңесінің төрағасы, Лоуренс атындағы Ливермор Ұлттық зертханасының (АҚШ) әлемдік қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының директорі, Саймон Лимаж (Simon Limage) – АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және тараптау бюросының тараптау бағдарламасы мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары, Дэвид Клив (David Cleave) – Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының атқарушы директорі, Эдди Мэйер (Eddie Maier) – Еуропалық комиссияның көмек көрсету жөніндегі Бас директорат бөлімшесі жетекшісінің орынбасары. Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің, министрліктер мен мекемелердің жетекші қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары конференцияға қатысады.
Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеушілер, талдау құрылымдары мен ведомстволар қызметкерлері, «Саясаттану», «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша студенттер мен докторанттар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.
Тіркеу: сағ. 13:00-де.
Конференцияға қатысуға ниет білдірген жағдайда 2016 ж. 15 маусымына дейін растауыңызды және қатысатын адамдар тізімін келесі телефон нөмірлері мен эл.пошта арқылы жіберуіңізді сұраймыз.
Іс-шараға қатысушылардың тіркеуі келесі телефондар мен электрондық пошта арқылы жасалады:
+7 7172 69-30-97 sembayeva@research-akorda.kz Махаббат Сембаева
+7 7172 69-30-99 kussainov@research-akorda.kz Құсайынов Серікжан.