ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНДЕ «ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫНДА» ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУ

2018 жылдың 24 сәуірінде сағ.: 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы музейінде «Тәуелсіздік бастауында» экспозициясының ашылу рәсімі өткізіледі. Аталмыш экспозиция кітапхана қызметкерлерінің «Музей жинағы» жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады және Қазақстан Республикасының Президенттік институтының енгізілуіне арналған іс-шаралар топтамасын ашады. 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә. Назарбаев ҚазКСР-і Президенті болып сайланды. 1990 жылдың 14 наурызында КСРО Қазақ КСР-і Президенті қызметін бекіткеннен кейін 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің ұйғаруымен Республика Президентінің қызметі тағайындалған болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы музейінің ғимараты – ХХI ғасыр тоғысында елімізде өткен басты тарихи оқиғаларға тікелей қатысы бар, себебі бұл ғимарат – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасындағы Мемлекет басшысының алғашқы резиденциясы. Дәл осы ғимаратта жеті жыл аралығында (1997 жылдан 2004 жылға дейін) Қазақстанның болашақ тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданды, биыл 20 жылдық мерейтойы атап өтілетін Астанамыз Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.

Ғимараттың екінші қабатында резиденция кезінде Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің кабинеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының кабинеті орналасқан.Екінші қабат холлының интерьерін рәсімдеуде алғашқы көрінісі сақталған, бұл жерде Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихына арналған жаңартылған «Тәуелсіздік бастауында» экспозициясы орналасқан. «Тәуелсіздік бастауында» экспозициясы Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу тарихымен және қазіргі заманғы мемлекеттілікті табысты, тұрақты қалыптастырудың өзегі болған алғашқы тағдыршешті өзіндік қадамдармен таныстырады.

Экспозиция келесідей тақырыптық бөлімдерден тұрады: «Тәуелсіздік жаршылары», «Қазақстан ядролық қарусыз әлем үшін», «Дәуір бетбұрысында», «Тарихи таңдау», «Басты реформалар», «XXI ғасыр тоғысында».Әрбір бөлім Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алу, қалыптасу және нығаюдың негізгі кезеңдері Елбасы кітапханасының музей, кітапхана, архиві қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар, газеттік жарияланымдар және жәдігерлердіңбірегей тарихи құжаттары арқылы кезең-кезеңімен ашып көрсетеді.

 

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11.