ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» САЛТАНАТ ҚАҚПАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КӨЗІМЕН» ФОТОБАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы әуесқой-фотосуретшілер арасында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы қазақстандықтардың көзімен»  фотобайқауын жариялайды.

Оның мақсаты – Қазақстан халқы арасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісін кеңінен дәріптеу, патриотизмді тәрбиелеу, халық арасында өлкетану құзыретін қалыптастыру, дарынды және креативті қазақстандықтарды моральдық және материалық жағынан ынталандыру.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Ерекше көзқарас»;

2) «Іргетастың қалануы»;

3) «Түнгі көрініс»;

4) «Қалықтаған құс көзімен»;

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар мен құнды кітаптар табыс етіледі.

Байқау Instagram әлеуметтік желісінде өткізіледі. Оған қатысу үшін үміткерлер өздерінің «Мәңгілік ел» салтанат қақпасын түсірген үздік фотосуреттерін #МәңгілікЕлБіздіңКөзімізбен хэштегімен жүктеуі тиіс.

Материалдар 2017 жылғы 28 маусымға дейін қабылданады.

Байқауды өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz сайты және Facebook,  Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасы арқылы танысуға болады.

Анықтама телефондары: (7172) 69-30-66, 69-30-69, 87017897832, 87077897832)

 

Байқау ережесі.doc