Елбасының Кітапханасы білім беру жобасын бастайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты білім беру жобасын бастайды. 2015 ж. 1 қазан айынан басталатын апта сайынғы екі күндік семинар-тренингтер жоғары оқу орындарының студенттері (сейсенбі-сәрсенбі), колледж бен мектеп оқушыларына (бейсенбі-жұма) арналады.

«Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталады. Дәрісті еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлары жүргізеді.

Семинар-тренингке қатысушылар – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 2-4-курс студенттері, Астана және Алматы қалалары мен барлық облыстарының жалпы білім беру мектептері, колледждерінің оқу озаттары, белсенділері, дарынды балалары.

Семинар-тренинг аяқталған соң әр қатысушыға «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсын өткендігі туралы арнайы сертификат беріледі.

9-10 сынып оқушыларына арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтің бағдарламасы.

ЖОО студенттеріне арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтің бағдарламасы.

БАҚ өкілдерін атсалысуға шақырамыз!

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com