Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет байқауын жариялайды.
«Абай оқулары» жобасының мақсаты: Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, Қазақстан жастарының оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру.
Әдебиет байқауының шарттары:
1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде);
2. Түсірілген бейне Facebook немесе Instagram әлеуметтік желісіне #ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегімен жүктелуі тиіс.
3. Байқау 2022 жылғы 10 маусым-30 тамыз аралығында өтеді.
Әдебиет байқауының қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан үздік оқушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!