Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына Мемлекет басшысының кітапханасы, «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік білім беру кешені, өзге мемлекет басшылары мен ресми өкілдерінің Елбасына сыйға тартқан өнер туындылары, тарихи раритеттер, фото-, бейнематериалдар, елдің шежіресінен сыр шертетін архивтік құжаттар президенттік экспозициялар арқылы ұсынылады.
Кітапхананың экспозияларымен робот-гид Айдос таныстырады, келушілерге викторина ойнатып, сертификат табыстайды.
Экскурсия кестесі:
Дүйсенбі – сенбі: 10:00/ 11:00/ 12:00/ 15:00/ 16:00/ 17:00.
Түскі ас: 13.00-14.30
Жексенбі: демалыс
Экскурсияға 8 (7172) 69-30-42 телефон нөмірі бойынша немесе www.presidentlibrary.kz сайтындағы «Оқырманға» бөлімінде орналастырылған электрондық тапсырыс арқылы жазылуға болады.
Мекен-жайымыз: Астана қ., Еңбекшілер көшесі, 10.