Сіздерге www.presidentlibrary.kz ресми сайтында оқуға қол жетімді 3000-нан астам жарияланымдары бар тегін интернет-кітапхананы пайдалануға болатындығын еске саламыз.
Цифрланған кітаптар мен мақалаларға сайттың басты бетіндегі «Кітапхана» тарауы арқылы қол жеткізуге болады.
«е-Кітапхана» тараушасын таңдау арқылы оқырман электронды каталогқа қол жеткізеді.
Мұнда жинақтарға бөлінген басылымдармен таныса аласыз:
- Тұңғыш Президенттің орыс тіліндегі еңбектері;
- Сирек және жинақтамалық басылымдар;
- Тұңғыш Президенттің мемлекеттік тілдегі еңбектері;
- Құран басылымдары;
- Тұңғыш Президенттің шет тілдегі еңбектері;
- Қазақстан авторларының Тұңғыш Президент туралы еңбектері;
- Шетелдік авторлардың Тұңғыш Президент туралы еңбектері;
- Мемлекет және үкімет басшыларының сыйлағандары;
- Мемлекет және үкімет басшыларынан сыйлық қолжазбасымен;
- Шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерінен сыйлық ретінде;
- Шетелдік және мемлекет қайраткерлерінен сыйлық қолжазбалармен;
- Қазақстандық қайраткерлердің сый ретіндегі қолжазбамен;
- Елбасының қарарлары және белгілері бар кітаптар.
Ұсынылған басылымдардың тақырыптары:
- Жалпы сұрақтар;
- Философия;
- Дін;
- Қоғамдық ғылымдар;
- Тіл және тілтану;
- Жаратылыстану ғылымдары және математика;
- Технология (Қолданбалы ғылымдар);
- Бейнелеу және сәндік өнер;
- Әдебиет;
- Тарих.
Автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйенің іздеу жолағында қажетті кітапты, мақаланы немесе мерзімді басылымды атауы, авторы, тақырыбы, басылым мекен-жайы, баспагері, шыққан жылы, мазмұны, ISBN және т.б. бойынша табуға болады.
Сондай-ақ, «Ақпараттық ресурстар» бөліміндегі «Кітапхана» бөлімінде 60-тан астам отандық және шетелдік ақпараттық ресурстар ұсынылған, оның ішінде ғылыми мәліметтер базасы, ақпараттық-талдау орталықтары, электронды кітапханалар пайдаланушыларға әлемдегі ең жаңа ғылыми жетістіктер туралы ақпарат алуға және оларды өздерінің кәсіби-ғылыми қызметіне пайдалануға мүмкіндік бар.

