4 мамырда, сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының батырлары Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала ұландары» көрмесі ашылады. Көрме «Қазақстан жолы» жобасының аясында ұйымдастырылады.
Экспозицияда Ұлы дала батырлары институтынан бастау алған қазақ сарбаздарының жауынгерлік ерліктерінің көп ғасырлық тарихын бейнелейтін тарихи, мәдени артефактілер ұсынылған.
Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Елбасы кітапханасының өкілдері қатысады.
Көрме «Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы батырлардың рөлі мен орны», «Ұлы Отан соғысының батырлары», «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері» бөлімдерінен құралған.
Кітапхана жинағының материалдары әскери қауіпсіздік саласындағы тарихи мұраны қайта жаңғыртып, қазіргі заманғы Қарулы күштерді құру призмасын, кешегі және бүгінгі батырлардың ерліктері арқылы қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің ретроспективті көрінісін қалыптастырады.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 04.05.22 күнгі сағ. 13.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн. Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.