ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИГРАНТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

2017 жылдың 18 қыркүйекте, сағат 13:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі» атты Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) жобасы талқыланады.

ХКҚҰ жобасының жалпы мақсаты – Орталық Азия мемлекеттері мен жалпылай аймақтың өзін сын-тегеурінге төтеп беруде қолдау. Мұндай қиындықтар жергілікті халықтың аталмыш аймаққа, оның шекарасының іші мен сыртына бағытталған көші-қонынан пайда болады.

Бағдарлама аясында Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстан ХКҚҰ миссиясының басшысы Деян Кесерович баяндама оқиды. Сондай-ақ, «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі» жобасының нәтижелері таныстырылады.

Пікір алмасу барысында ХКҚҰ аймақтық бағаларының нәтижелері мен ұсыныстары, жерігілікті халық жұмылғыштығының,  осал мигранттар мен аймақтық ынтымақтастық құқықтарының мәселелері ұсынылып, мигранттар құқығын жүзеге асыруға ықпал ететін мүмкіндіктер мен сынақтар, әлемдік тәжірибелер талқыланады.

Іс-шара Назарбаев орталығының игі дәстүріне айналған ашық интерактивті пікірталас үлгісінде мемлекеттік органдардың, мигранттар ықпалдастығы саласындағы сарапшылар мен мамандардың қатысуымен өтеді.

Шара басталмастан бұрын қатысушылар мен БАҚ өкілдері үшін фуршет өткізілмек.