Елбасы кітапханасында оқушылардың ғылыми жобалары байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Ертең, 15 мамыр күні 16:00-де, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында оқушылардың ғылыми жобаларға арналған екі байқауының – «Әлемді өзгертетін идеялар» және «Қазақ хандығына – 550 жыл» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Бұл байқаулар былтырғы жылдың соңында Астана қаласы мектеп оқушыларының арасында жарияланды. Елбасы кітапханасының бастамасымен өткізілген конкурстарға ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы қолдау білдірді.

Байқауларға 8-10-сыныптардың 100 оқушысы қатысты. Қазылар алқасының қарауына оқушылардың жоғары білім деңгейін, креативтік ойларын көрсеткен көптеген жұмыстар ұсынылды. Финалдық кезеңге қатысу үшін 26 жұмыс іріктелініп алынды. «Украин тіліндегі түркілік», «Жастарға арналған қазақстандық әлеуметтік желілер», «Патриотизмнің жаңа құндылықты жолын қалыптастыру» - бұлар – оқушылардың зерттеу жұмысымен қаншалықты кең дүниетанымда айналысқанын көрсететін кейбір тақырыптар ғана.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-36, 8 777 9402313,

е-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com