ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «МУЗЕЙ ЭКОЖҮЙЕСІ: ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ» КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ

2022 жылғы 13 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «open space» форматында «Музей экожүйесі: пандемия сабақтары» кәсіби сессиясы өтеді. Сессия жұмысына Елбасы кітапханасы  мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, еліміздегі музей мекемелерінің қызметкерлері қатысады.

Халықаралық музей күніне арналған іс-шара қатысушылардың назарын дамыту мен қоғамдық коммуникацияларға әсер етудің орасан зор ресурсы бар ерекше экожүйе ретінде музей қызметінің өзекті мәселелеріне аударады.

Сессия аясында Елбасы кітапханасының «Музей құпиялары» қор көрмесі өтеді.

Пікірталас қорытындысы бойынша сарапшылар қауымдастығы қашықтықтан жұмыс істеудің жаңа тәжірибесін, цифрлық режимде музей және көрме қызметінің озық үлгісін кәсіби тәжірибеге енгізудің кеңесін ұсынады.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 13.05.22 күнгі сағ. 10.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн. Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.