2021 жылдың 22 сәуірінде сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ольга Видованың «Феномен Назарбаева» («Назарбаев феномені») кітабының онлайн тұсаукесері өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанда президенттік институттың құрылған күні қарсаңында өтеді.

Кітаптың авторы О.И. Видова – филология ғылымдарының докторы, ХІХ ғасырдағы орыс мәдениетін зерттеуші. Оның қаламынан посткеңестік кеңістіктегі қазіргі саяси және рухани өмірге арналған кітаптар туған. «Ұлт көшбасшылары» жобасының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы қытай, ағылшын және қазақ тілдеріне аударылған кітаптар жарыққа шықты.
Автор Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тұлғасының қалыптасу эволюциясын қарастырады, оның Қазақстан саясатындағы ғана емес, сонымен қатар республиканың әлемнің басқа елдерімен саяси байланыстары мәнмәтіндегі рөлін көрсетуге күш салады. «Феномен Назарбаева» («Назарбаев феномені») кітабы 2020 жылы «Эксмо» баспасынан «Дәуірдің ұлы саясаткерлері» сериясы бойынша жарық көрді.
Онлайн тұсаукесерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысады. Олардың қатарында, ҚР мемлекеттік қайраткері, с.ғ.д., профессор Қ. Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, с.ғ.д., профессор Ә. Рахымжанов, РФ ФЖ Федерация Кеңесі төрағасының кеңесшісі, т.ғ.д., А.Дегтярев, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РФ ФЖ Федерация Кеңесі төрағасының кеңесшісі (2001-2011жж.), с.ғ.д., профессор О.Карпухин, Ресей дипломаттары қауымдастығы төрағасының орынбасары, елші, РФ 1-дәрежелі толық мемлекеттік кеңесшісі А.Бакланов, Ресей Федерациясы Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар директоры, п.ғ.д., Ю.Солозобов, сондай-ақ «Феномен Назарбаева» («Назарбаев феномені») кітабының авторы ф.ғ.д., О.Видова бар.
Zoom конференциясына қосылу
https://zoom.us/j/98823058695?pwd=SmhFeUxMSGxlaDBUSXlFdi9CdXFNZz09
Конференция сәйкестендіргіші 988 2305 8695
Кіру коды 484458